«Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 16 қарашадағы № 80 бұйрығы

«Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 16 қарашадағы № 80 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық құралдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 367-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

367

Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді орналастыру

Табиғи монополия субъектісі

Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында

Есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жарты жылда бір рет

»;

реттік нөмірлері 369 және 370-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

369

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар салаларында коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі есеп

Табиғи монополия субъектісі

Мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында

Жыл сайын (есепті өткізген сәттен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей)

370

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар салаларында коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі есеп

Табиғи монополия субъектісі

Мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында

Жыл сайын (есепті өткізген сәттен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей)

»;

1-тармақтың бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

реттік нөмірі 392-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.